Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары.
"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20625 болып тіркелді
көрсетілген бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін.".
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш. Т. Кариноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | А. Аймагамбетов | ||
Қазақстан Республикасы | |||
Қазақстан Республикасы | |||
№ | Білім беру салалары/ Ұйымдастырылған оқу қызметі | Жас тобы | ||||
Ерте жас тобы (1 жастан бастап) | Кіші топ (2 жастан бастап) | Ортаңғы топ (3 жастан бастап) | Ересек топ (4 жастан бастап) | Мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5-жастан бастап) | ||
1 | "Денсаулық" | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
| Дене шынықтыру | 3 | 3 | 3 | 3 | 2,5 |
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері | - | - | - | - | 0,5 | |
2 | "Қатынас" | 1 | 1 | 2 | 2,5 | 5 |
| Сөйлеуді дамыту | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Көркем әдебиет | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | |
Сауат ашу негіздері | - | - | - | - | 2 | |
Орыс тілі | - | - | 0,5 | 0,5 | 1 | |
3 | "Таным" | 1 | 2 | 2,5 | 2,5 | 2,5 |
| Математика негіздері | - | - | 1 | 1 | 1 |
Сенсорика | 0,5 | 0,5 | - | - | - | |
Құрастыру | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | |
Жаратылыстану | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
4 | "Шығармашылық" | 2 | 3 | 3 | 3,5 | 5 |
| Сурет салу | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Мүсіндеу | 0,5 | 0,25 | 0,25 | 0,5 | 1 | |
Жапсыру | - | 0,25 | 0,25 | 0,5 | 1 | |
Музыка | 1 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 2 | |
5 | "Әлеумет" | - | - | 0,5 | 0,5 | 1,5 |
| Өзін-өзі тану | - | - | - | - | 1 |
Қоршаған ортамен танысу | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | |
6 | Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы | 7-10 минут | 10-15 минут | 15-20 минут | 20-25 минут | 25-30 минут |
7 | Апталық оқу жүктемесінің көлемі | 7 | 9 | 11 | 12 | 17 |
8 | Вариативтік компонент* | - | - | 1 | 2 | 3 |
9 | Барлығы | 7 | 9 | 12 | 14 | 20 |
*іс-әрекет түрлері (ойын, дербес, шығармашылық), тілдерді үйрету, жеке жұмыс.