Ата-аналарға кеңес. » ГККП "Ясли сад №180"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 251-33-31
Әдіскер:
+7(727) 221-40-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға кеңес.
28
сәуір
2020

Ата-аналарға кеңес.

Ата-аналарға арналған кеңес

Тақырыбы: Ойын арқылы балалардың ой - өрісін жетілдіру


Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді»,«ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектепалды баланың ойынға деген құлқы,қарым-қатынасы, мінезі олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.

Ойын процесі-тәрбиешінің негізгі құралдарының бірі. Ойын арқылы балалардың ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиесі жүзеге асырылады. Баланың жеке басының қалыптасуындағы ойынның маңызы ерекше. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып,денесі шыңдала түседі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. 

Құрылыс материалдармен өткізілетін ойындар. Қимылды ойындар. Дидактикалық ойындар. Сюжетті-рольді ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар. Аталған ойындарды,балалардың ойынға бейімділігі мен құмарлығына сай ұйымдастыра отырып, сыпайы, әдепті мінез-құлық дағдыларын және бірлесіп іс-әрекет ету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ойын процесінде балалар жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен, қарау сезімі, басқалардың талап тілегімен санаса білуге, қиын жағдайда оларға көмектесуге,ойынға қажетті құралдарды пайдалану жөнінде келісіп алуға үйренеді.

Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады. Бала бір нәрсе туралы толық түсінік алуы үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын практика дәлелдеп отыр. Мысалы бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Көзін жұмады да,есінде сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есін ғана емес, зейінін дамытуға болады.  

 Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты ойдағыдай дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. 

 Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, олардың бойына күнделікті өмірге қажет әртүрлі машықтарды қалыптастырамыз. Олар мыналар: тұрмыстық машықтар - ойыншықтарды ретімен орнына жинау, өндірістік машықтар - өзінің жұмыс орнын таза ұстау, ұжымдық өмірдің машықтары - жолдасына дер кезінде көмек беру, мәдениетті сөйлеу машықтары - сыпайы қарым-қатынас жасауы, көркемдік машықтар- ән айту, би билеу ертегі айту.

Берілген тапсырманы орындау екі кезеңнен тұрады:                                                                                     1-кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп, баланың есте сақтауына, ойлануына, белгілі бір іс- әрекет қабылдауына ықпал ететін болса,

2-ші кезенде жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс-әрекетті тікелей орындау арқылы психикалық процестердің дамуын анықтайды. Жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда балаларға қиындықтар кездессе, қайтадан түсіндіру, орындалу барысында көмектесу қажет. Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін жетілдіру, жан-жақты қамтылуы қажет оған ата-ананың үлесі зор.

 Ойынның дамуы мен балалардың тұрмыс тіршілігін ұйымдастыруда ойыншықтарды баланың жасына лайықтап таңдап орналастыра білудің маңызы ерекше. Егер бала өз бетінше ойын таңдай алмай, мақсатсыз, әр нәрсені бір ұстап, онымен не істеу керектігін білмей отырса, көмектесу қажет. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив