Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері.
Күні: 06.04.2020 жыл
Білім беру саласы: Қатынас. Бөлімі:»Сауат ашу»
Тақырыбы: «Ә ә» дыбысы.
Мақсаты: «Ә ә» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.
Көрнекіліктері: «Әліппе кітабы», жұмбақ, суреттер.
Барысы:
Өткенді қайталау.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айавгуст?
- Әріптерді не істейміз?
-Дыбысты естиміз, айавгуст. Ал әріпті көреміз, жазамыз.
Жұмбақ: Ертегі айтып береді,
Сені жақсы көреді.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі. (Әже)
-"Ә» дыбысы ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Сөздің басында, ортасында қолданылады.
»Әліппе кітабы» видеосын көрсету. (әтеш, әке, әткеншек, әже, әріп, әуен, әнші, әйнек, әуежай сөздерін қайталау).
Баспа және жазба түрімен таныстыру.
Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Дәптермен жұмыс.
Орындалатын жаттығулар:
Буын ұстау» ойыны.
Шарты: Доппен ойналады. Өзім алғашқы буынын айтамын.
Ән… (ші), дә… (рі), ә… (теш).
Олай болса, ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Текшемізден көрсете қоялық. (дауысты, жіңішке)
Жаттау: Ақ әжем
Өзің мені өсірген, Шай қайтатып келейін,
Айналайын ақ әжем. Шекер салып, жан әжем,
Тентек болсам кешірген, Өзім құйып берейін
Шөлдедің бе, дана әжем? Балдай тәтті бал әжем.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Берілген тапсырманы;
Түсінеді: Сөздерден сөйлем құралатынын «ә» дауысты дыбыс екенін,
Қолданады: Дәптермен өз бетінше жұмыс жасап, қолдана алады.