Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері. » ГККП "Ясли сад №180"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 251-33-31
Әдіскер:
+7(727) 221-40-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері.
06
сәуір
2020

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы:"Әә дыбысы мен әріпі»

Күні: 06.04.2020 жыл

Білім беру саласы: Қатынас.                                                                                                         Бөлімі:»Сауат ашу»

Тақырыбы: «Ә ә» дыбысы.

Мақсаты: «Ә ә» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.

Көрнекіліктері: «Әліппе кітабы», жұмбақ, суреттер.

Барысы: 

Өткенді қайталау.

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Әріп деп нені айтамыз?
  • Әріптерді не істейміз?

-Дыбысты естиміз, айтамыз. Ал әріпті көреміз, жазамыз.

Жұмбақ: Ертегі айтып береді,

                Сені жақсы көреді.

                Мейірімді бұл кісі

                Қандай ғажап күлкісі.  (Әже)

-"Ә» дыбысы ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Сөздің басында, ортасында қолданылады.

»Әліппе кітабы» видеосын көрсету. (әтеш, әке, әткеншек, әже, әріп, әуен, әнші, әйнек, әуежай сөздерін қайталау).

Баспа және жазба  түрімен таныстыру.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Дәптермен жұмыс.

Орындалатын жаттығулар:

Буын ұстау» ойыны.
 Шарты: Доппен ойналады. Өзім алғашқы буынын айтамын
.
 Ән… (ші), дә… (рі), ә… (теш).
 Олай болса, ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Текшемізден көрсете қоялық. (дауысты, жіңішке)

Жаттау:                                 Ақ әжем

Өзің мені өсірген,                                   Шай қайтатып келейін,

Айналайын ақ әжем.                               Шекер салып, жан әжем,

Тентек болсам кешірген,                         Өзім құйып берейін

Шөлдедің бе, дана әжем?                       Балдай тәтті бал әжем.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Берілген тапсырманы;

Түсінеді: Сөздерден сөйлем құралатынын «ә» дауысты дыбыс екенін,

Қолданады: Дәптермен өз бетінше жұмыс жасап, қолдана алады.













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив