Үйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Күні: 07.04.2020 жыл
Білім беру саласы: Таным. Бөлімі:«Қарапайым математикалық негіздерді қалыптастыр»
Тақырыбы: «1-10 ға дейінгі сандарды санап, салыстыру. Теңдік және теңсіздік таңбалары».
Мақсаты: 1-10 ға дейінгі сандарды санап, салыстыру. Теңдік және теңсіздік туралы үйрету.
1-10ға дейін тура және кері санау.
10 санының жазуына мұқият қараймыз. 10 санын жазған кезде екі таңбаны пайдаланып отырмыз. Ол 1 және 0 цифрлары. Сондықтанда 10 саны мен цифрын екі таңбалы сан деп атаймыз.
Мына суреттерді пайданала отырып, сандарды және цифрларды салыстыруды үйренеміз.
1-сурет бойыншақойлар мен жолбарыстардысалыстырамыз. Қойлардың саны 10, жолбарыстардың саны 7-еу. Яғни, қойлар жолбарыстарға қарағанда 3-еуі артық немесе жолбарыстар қойларға қарағанда 3-еуі кем.
10˃7
2-сурет бойынша қолтырауындар мен қалталы қасқырларды салыстырамыз. Қолтырауындарды саны 5-еу, қалталы қасқырлардың да саны 5-еу. Яғни, екеуі тең «=» деген белгіні қоямыз.
5=5
3-сурет бойынша зебрлар мен керіктерді салыстырамыз.Зебрлардың саны 3-еу, ал керіктердің саны 4-еу. Зебрлар керіктерге қарағанда 1-еуі кем, ал керіктер зебрлардан қарағанда 1-еуі артық.
3˂4
Балалар, мына тапсырмаларды өз еріктеріңізбен орындаймыз. Бұл жерде сандардың көрші сандарын керекті тор көзге жазып, қоямыз.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Берілген тапсырманы орындайды;
Түсінеді: Теңдік және теңсіздік таңбаларын түсінеді;
Қолданады: Дәптермен өз бетінше жұмыс жасап, қолдана