Бөбекжайдағы бір күнім » ГККП "Ясли сад №180"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 251-33-31
Әдіскер:
+7(727) 221-40-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бөбекжайдағы бір күнім
13
ақпан
2026

Бөбекжайдағы бір күнім



Бүгінгі күні «№180 бөбекжай-балабақшаның» КМҚК кіші «Балапан» тобының бір күндік күн режимін назарларыңызға ұсынамыз.
Таңертеңгі балаларды ата-аналардан қабылдап алынған балалар жеке ойындармен қамтамасыз етіледі. Бөбекжайдың күн кестесі бойынша таңғы жаттығудан басталады.
Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады. Балаларды тәртіптендіреді.

Тәрбиеші Ниязакынова Назым Ысқаққызы өз тәрбиеленушілерінің бір күнгі бөбекжайдағы өмірі жайлы баяндайды:
Жаттығудан кейін балалармен Қ.Р. Гимн орындалады. Таңғы асқа дайындық қол жуылып, таңғы асқа отырғызылады. Таңғы астарын ішіп болғаннан кейін ауыз, қолдарын жуылады. Балаларды өзіме зер салғызып, ұйымдастырылған оқу қызметін өткіземін. Таңғы бесін асын ішіп болған соң, серуенге дайындаламыз. Далаға серуенге шығып, балаларға табиғат құбылыстармен таныстырамын. Серуен аяқталысымен, топқа  кіріп,  беті қолдарын жуып, түскі асқа дейін балалармен қимылды және үстел ойындарды ойнаймыз. Ойын  ережелерін көрсетіп,  бірге ойынды ойнаймын.  Мысалы:сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметінде губкамен сурет салу, саусақтарымен сурет салуды ұйымдастырамын. Спорттық ойындар, музыкамен билеу, көңіл күйлерін көтеру үшін музыка залында би  кешін ұйымдастырамын. Астарын ішіп болған соң, беті-қолдарын жуып, дәретханаға апарып отырғызамын. Ұйқыдан  тұрып, денсаулық соқпақшасы жолдарымен жүру, беті-қолдарын жуып, бесін асқа отырамыз. Түскі уақытта жеке ойындармен ойнатамын: трафаретпен сурет саламыз, құммен ойнаймыз, фасоль теру, макороннан жіп өткізіп, моншақ жасаймыз. Бұл ойындарды ойнату арқылы балалардын қол моторикасы  мен ойлау қабілеттерін дамытуға күш саламын. Қолдарын жуып, кешкі ас ішеміз. Кешкі астан кейін серуенге шығып, ата-аналарға балаларын тапсырамын. Міне, тәрбиеленушілерімнің  бөбекжайдағы бір күні осылай өтеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив